Шығыс Қазақстандағы Топқайың ауылына биыл ауызсу беріледі
Шығыстағы Топқайың ауылына биыл қараша айына дейін ауызсу беріледі. Бүгінге дейін елді мекенге құбыр толық тартылды. Енді қосымша ұңғыма қазып, су мұнарасы салынады. Жалпы, бұл елді мекенді орталық су жүйесіне қосу үшін 4 жыл бұрын республикалық бюджеттен 600 миллионға жуық теңге бөлінген. Алайда жауапсыз мердігер, бастаған ісін аяқсыз қалдырған. Салдарынан Топқайың ауылының малы да, жаны да қазір суды өзеннен ішіп отыр. Дегенмен биыл басталған істі аяқтау үшін жұмысқа басқа мердігер тартылды. Қосымша 78 миллион теңге бөлінді. Ауыл ішінде бұрын қазылған шұңқырлар, құдықтар жабылды. Бүгінге дейін істелген жұмысты облыс әкімі өзі арнайы барып көріп, жауапты басқарма басшылары мен мердігерге нақты тапсырма жүктеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49