Маңғыстауда Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды
Маңғыстаудағы Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды. Кәсіпорында технологиялық жабдықтардың барлығы іске қосылған. Оның барысында теңіз суын тұщытуға арналған өндірістік желі тексеріліп, жуылады. Бұл процесс 72 сағатқа созылмақ. Сынақ іс-шаралары сәтті аяқталған кезде зауыт жұмыс режиміне көшеді. Бүгінде кәсіпорында құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Суды тұщыту, тұзсыздандыру және минералдандыру цехтары, сорғы станциясы, басқа да қажет ғимараттардың барлығы салынған. Кендірлі зауыты тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытуға қауқарлы. Нәтижесінде Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес ауылдарда ауыз су тапшылығы жойылады деп жоспарланған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
М.Нұртілеу өзінің ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді
08.09.2025, 14:43

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады
08.09.2025, 14:40
Президент: Су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керек
08.09.2025, 14:37
Қызылорда облысында жол саласы цифрлануға біртіндеп көшуде
08.09.2025, 14:34
Жетісу облысының ІІД қызметкерлері жолдауды тыңдады
08.09.2025, 14:30
Е.Қарин: Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту
08.09.2025, 14:27
Тоқаев: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс
08.09.2025, 14:24
Президент: Елімізге қомақты инвестиция тарту керек
08.09.2025, 14:21