Туризм саласын цифрландыру қарқынды жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туризм саласын цифрландыру қарқынды жүргізіліп жатыр

12.07.2025

Елімізде туризм саласын цифрландыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, туристерді тіркеуді жеңілдету үшін «eQonaq» ақпараттық жүйесі енгізілген. Қосымшаны қазір жарты миллионға жуық азамат пайдаланады. Жүйе әсіресе, шетелден келген қонақтар үшін таптырмас құрал. Біріншіден, туристерді тіркеу міндеті оларды күтіп алатын тұлғаларға жүктелді. Яғни, шетелдіктерді қонақ үй, пәтер иесі немесе туыстар жүйеге тіркеуі шарт. Екіншіден, туристердің санын білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қонақтар үшін TaxFree жүйесі де іске қосылған. Бұл шоппинг туризмді дамытуға арналған. Аталған жүйе арқылы құны 5 миллиард теңгеге жуық тауар сатылған. Туристік қызметтерді бір арнаға тоғыстыратын бірыңғай TravelStan мобильді қосымшасы да әзірленіп жатыр. Бұл қосымша жасанды интеллект көмегімен қонақ үй брондау, билет сатып алу, гид іздеу және такси шақыру сынды қызметтерді бір жерден ұсынбақ. Осыған ұқсас - QR код жүйесі де бар. Ол әзірге Астана, Ақтау, Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларында қолжетімді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу