Қытайдағы нөсер жауын: Ескертудің «сары» белгісі жарияланды
Қытайда нөсер жауын салдарынан ескертудің «сары» белгісі жарияланды. Шэньси провинциясында төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Топан су бірталай көлікті шайып әкеткен. Әзірге құрбандар туралы мәлімет жоқ. Мұны «Си-си-ти-ви» телеарнасы хабарлап отыр. Осыған ұқсас жағдай оңтүстік-батыстағы Сычуан провинциясында да тіркелді. Онда 446 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал көршілес Чунцинде өзен арнасынан асып, бірнеше қаланы су басты. Табиғи апаттар жиілеуін синоптиктер жаһандық климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00