«Көкшетау су арнасының» мамандары марапатталды
Мерекеге орай «Көкшетау Су арнасының» мамандары да марапатталды. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев оларды кәсіби мерекемен құттықтап, Алғыс хат табыстады. 170 мыңға жуық халықты үздіксіз таза ауыз сумен қамтып отырған «Су арнасы» қызметкерлерінің еңбегі зор. 1962 жылдан бері жұмыс істейтін кәсіпорында 300-ден аса маман еңбек етеді. Бүгін көп жылғы адал еңбегімен ерекшеленіп, еленгендердің бірі - Есенжан Хасенов. Ол бұл салада 25 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Слесарь ретінде су құбырлары желілерінің апаты кезінде де, жаңа құбырларды салу кезінде де таптырмайтын маман.
Есенжан Хасенов, «Көкшетау су арнасы» кәсіпорнының слесары:
Су құбыры жарылғанда осыны істейміз. Ескі құбырларды жаңасына ауыстырамыз. Құлаған, екі-үш күн жұмыс істеген күндеріміз болды. Үлкен құбыр жарылғанда, түнімен кезекпен осылай басқа бригадамен ауысып жұмыс істейміз.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49