Ақмола облысында елді мекендерді сумен қамту үшін 21,5 млрд теңге бөлінді
Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен елді мекендерді таза сумен қамту үшін 21 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мәселен, Зеренді ауданының он шақты ауылында су құбыры тартылып жатыр. Ал Сандықтау ауданында топтық су құбыры салынуда. Жоба бойынша 22 шақырым құбыр тартылады. Дәл осындай жобалар облыстың 9 ауданында жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Нұра топтық су құбырын реконструкциялау және Покровское ауылынан Талапкер мен Қажымұқан ауылдарына су құбыры тартылуда. Екі жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.
Ержан Жандосов, облыстық прокуратураның аппарат басшысы:
Сумен қамтамасыз ету объектілері өміріміздің 100 мыңға жуық халқын таза және сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Прокуратура органдары осындай әлеуметтік нысандардың салу сапасына, уақытылығына егжей-тегжейлі үнемі қарап, бақылау жүргізуде.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49