Ұлттық құрама дзюдошылары 11 медаль жеңіп алды
Алматыда дзюдодан Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы басталды. Жасөспірімдер мен жастар арасындаға додаға 10 елдің 800-ге жуық спортшысы қатысып жатыр. Алғашқы жарыс күні ерлер мен қыздар құрамасы 4 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық татами шеберлері 4 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте әзірге Өзбекстан құрамасы алда келеді. Екінші орында Қазақстан. Үшінші сатыға Тәжікстан командасы жайғасқан. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, сегізінші рет ұйымдастырылып отырған бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00