Көкшетауда жаңа туған сәбиге домбыра сыйлады
Көкшетауда «Домбыра күні» қарсаңында дүниеге келген сәбиге қазақтың қасиетті музыка аспабы сыйға тартылды. Ал аналардың басына ақ орамал тағылды. Шаһардағы перинаталдық орталыққа ерекше сыйлықпен Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар мен ардагерлер кеңесінің мүшелері келді. Олар бүгін дүние есігін ашқан Жазизовтар отбасының алтыншы сәбиіне домбыра сыйлады. Бұл баланың бойында ұлтқа деген сүйіспеншілік пен өнерге деген құрмет қалыптассын деген ниетпен жасалды. Сондай-ақ облыстық қоғамдық келісім сарайында домбыра үйірмесі ашылды. Бұл «Домбыра – ұлт қазынасы» жалпыұлттық жобасы аясында жүзеге асып жатыр.
Роман Борисовский, домбыра үйірмесінің жетекшісі:
Домбыра үйренемін деген балаларға үйірме тегін, 20-25 шақты баланы оқытамыз. Олар үшін арнайы домбыра мен сахналық киім сатып алынды.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49