«Таза бейсенбі»: Жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық адам қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза бейсенбі»: Жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық адам қатысқан

03.07.2025

«Аmanat» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғау және тазалықты насихаттауға бағытталған шараға партия қызметкерлері, «Жастар рухы» қанатының белсенділері мен коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысшылары қатысты. Акция аясында 70-тен аса адам бірігіп, ортақ іске өз үлестерін қосты. Олар О.Жандосов атындағы №30 мектеп аумағындағы шашылған қоқыстарды жинап, арам шөптерді орды. Ағаштардың қураған, сынған бұтақтарын кесіп шықты. Мегаполисте жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясы осымен 25-ші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 2 жарым мыңға жуық адам қатысқан. Ауқымды шара нәтижесінде қала аумағынан 23 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, 200-ден астам ағаш көшеті отырғызылған.

Жансұлу Сихымбекова, Бастауыш партия ұйымының жетекшісі:

Бұл - тек қана көше тазалау емес, бірінші кезекте ішкі дүниемізді тазалау. Тазалық бар жерде экологиялық ахуал жақсарады. Бүгінгі күні қарап отырсақ, Шымкент қаласының көркейіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Бізде қарап қалған жоқпыз. Партия мүшелері бұл акцияға міндетті түрде қатысып отырады.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу