Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында медициналық орталық ашылды
Маңғыстаудың Мұнайлы ауданында 150 орындық заманауи медициналық орталық ашылды. Көпсалалы аурухана жұқпалы аурулар бөлімі, балалар бөлімшесі, терапия, босану блогы және бірнеше операциялық бөлмелерден тұрады. Жуырда ғана пайдалануға берілген медициналық орталықтың жұмысын өңірге барған Мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Еділ Жаңбыршин арнайы көрді. Айта кетейік, Мұнайлы ауданында 200 мыңға жуық халық тұрады. Олар бұған дейін Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жүгінетін.
Марал Сариева, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
Осы жерде оңалту орталығында ем алып бастадым. Бөлімше өте қатты ұнады. Біріншіден, бұл жерде ЛФК залы, қалыпқа келтіруге арналған әр түрлі тренажер бар. Физио емдеудің аппараттарының түрі өте көп. Мен облыста теңдесі жоқ реабилитациялық орталық деп айтар едім, өйткені мен басқа орталықтарда болып көрдім.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл «AMANAT» партиясының бағдарламасына енген жоба еді. Сондықтан партия тарапынан келген сайын осының құрылысын қарап, қолымыздан келген көмегімізді жасадық. Әрине бұл бірінші кезекте тұрғындар үшін керек болды. Қуантып отырғаны - тіпті Астанада да жоқ. Осы жағдайлар пациенттерге жасақталған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00