БҚО-да микроқаржы ұйымы заңсыз жұмыс істеп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да микроқаржы ұйымы заңсыз жұмыс істеп келген

02.07.2025

Батыс Қазақстан облысында 1,5 млрд теңге қарыз ақшаны заңсыз берген микроқаржы ұйымы анықталды. Істі облыстық Қаржы мониторингі департаментінің мамандары тергеп жатыр. Күдіктілер 5 жыл бұрын «Жылдам ақша» деген ұйым құрған. Тұрғындармен 1,5 млрд теңге көлемінде келісімшарт жасасқан. Ал несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген және олармен байланысы бар серіктестік арқылы рәсімделіп отырған. Қарыз алушылар күн сайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған. Бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлеме, яғни 0,3%-дан 5 есеге артық. Микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алынған табыс көлемі 917 млн теңге. Сот санкциясымен күдіктілердің өндірістік коммерциялық нысаны мен пәтеріне бұғат қойылды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу