16 млн теңгелік жүлде үшін тартыс: Decentrathon 3.0 жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 млн теңгелік жүлде үшін тартыс: Decentrathon 3.0 жеңімпаздары анықталды

02.07.2025
16 млн теңгелік жүлде үшін тартыс: Decentrathon 3.0 жеңімпаздары анықталды

16 млн теңгелік жүлде үшін тартыс: Decentrathon 3.0 жеңімпаздары анықталды.

Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center ұйымдастырған халықаралық хакатонға 19 елден 2600-ден астам қатысушы қатысты. 3 күн ішінде 1300 команда жасанды интеллект, автоматтандыру және геймдизайн бағытында 500-ден аса жоба ұсынды.

Жүлде қоры — ₸16 млн, жеңімпаздар түрлі тректер бойынша анықталды:

🔹 Kazakhtelecom трегі: AI Therapy, FlyNetics, NeoDev, Rewe, ss, Depa Team, Just Danc, Tokyo Geass 2.0

🔹 activ 5G: Кобро Тигры, SuperNova

🔹 Mastercard: TYM

🔹 GameJam (Grand Mobile): Deslab, SHU, sbil_it

Креативтегі AI байқауы да ерекше назарда болды — бұл бағытта SuperNova командасы жеңіске жетті. Олар Astana Hub жанындағы Tomorrow School студенттері. Қатысушылар ұсынған жобалар: дрондарды басқару, транзакцияны талдау, мобильді ойындар, креативтегі AI-сервистер және т.б.

Келесі Decentrathon қыркүйек айында, тұңғыш рет 20 қалада бір мезгілде офлайн өтеді.

Хабарламаларға жазылу