Satbayev University жас ғалымдары жерді қалпына келтірудің жаңа әдісін ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Satbayev University жас ғалымдары жерді қалпына келтірудің жаңа әдісін ұсынды

02.07.2025
Satbayev University жас ғалымдары жерді қалпына келтірудің жаңа әдісін ұсынды

Satbayev University жас ғалымдары жерді қалпына келтірудің жаңа әдісін ұсынды

Satbayev University-дің жас зерттеушілері ашық кен жұмыстары бұзған жерлерді қалпына келтіру үшін гипераккумуляциялық өсімдіктер мен микоризаларды қолдануға негізделген экологиялық қауіпсіз әдіс әзірлеуде.

Бұл өсімдіктер ауыр металдарды топырақтан өзіне сіңіріп, тазартуға көмектеседі. Ал микоризалар – өсімдік тамырымен симбиозда өмір сүретін микроағзалар – топырақтың қалпына келуін жеделдетеді.

Әдіс Қазақстанның құрғақ әрі шөлейт аймақтарына бейімделген. Пилоттық учаскелерде алғашқы оң нәтиже тіркелді: ауыр металдар азайып, топырақ жағдайы жақсарған.

Ырысжан Жақыпбек, жоба жетекшісі, профессор:

Бұл биологиялық тәсіл экологияға зиян келтірмейді әрі ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің көлемін арттырады.

Бұл бастама — ғылым мен өндіріс тоғысындағы жас ғалымдардың нақты нәтижеге бағытталған жұмысының жарқын мысалы.










Хабарламаларға жазылу