Қазақстандық ғалымдар буын ауруына қарсы ем ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ғалымдар буын ауруына қарсы ем ойлап тапты

10.03.2022

Қазақстандық ғалымдар буын ауруына қарсы ем ойлап тапты. Олар тізе буының шеміршегін хирургиялық жолмен қалпына келтірудің жаңа әдісін ұсынып отыр. Алғашқы клиникалық зерттеу басталды.

Бұл жігіттің жасы 28-де. Диагнозы – тізе буының артрозы. Ғалымдар оның ағзасынан өзінің дін жасушаларын алып, фибрин гидрогелін жасап шықты. Ол – мына құтыдағы сұйықтық. Нәтижесі жоғары. Жарты жыл ішінде зақымдалған шеміршекті толық қалпына келтіреді. Сол арқылы аяқтан болатын мүгедектік күрт азаяды деп отыр мамандар. Оның үстіне әдетте науқастарға көбіне протез салынатын. Енді оған да қажеттілік кемиді. Отандық ғалымдар жаңа әдісті 3 жыл бойы зерттеген. Алдымен жануарларды сынаған. Сәтті өткеннен кейін, біртіндеп науқастарға қолданылуда. Өкінішке қарай, бұл дерт жасарып келеді. Сондықтан жаңа емдеу тәсілі ауадай қажет. Ұлттық биотехнология орталығы мен Батпенов атындағы травмотология және ортопедия орталығы осымен 4-ші операцияны сәтті аяқтады. Жарты жылдан кейін нақты нәтиже белгілі болады. Емнің қорытындысы жемісті болса, онда барлық науқастарға қолданылады.

Жанна Құрманғалиева, ҚР БҒМ ғылым комитетінің төрағасы:
Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда бұл өте өзекті мәселе. Ғылыми бағдарлама сол өзекті мәселені шешуге арналған және Білім және ғылым министрлігі осындай 59 нысаналық бағдарламаны қаржыландыруда. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу