Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары депутаттар жұмысшы мамандармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары депутаттар жұмысшы мамандармен кездесті

02.07.2025

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары коммуналдық қызмет көрсету мекемесі жұмысшыларымен кездесті. Ашық пікірлесу форматында өткен жиында күнделікті қаланың тазалығымен айналысып жүрген жандар жұмыс барысында кездесетін қиындықтарын жеткізді. Олардың күшімен мегаполистен күнделікті 800-850 тонна тұрмыстық қалдық жиналады. Онан бөлек, ұзындығы 100 шақырым болатын 9 каналдың да тазалығы осы жұмысшылардың мойнында. Олардың айтуынша, тазалықты сақтау үшін тұрғын үй аулаларына бейнекамералар орнатылғаны дұрыс. Сондай-ақ жұмысшылар коммуналдық қызмет мамандарының тынығуына қолайлы жағдай жасалса дейді. 

 Халима Сапарова, Коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшысы:

Жауын-шашынның астында жүреміз. Күннің астында, далада сыпырамыз дегендей. Сол кезде бізге түскі уақытта келіп, тамақ ішетін орын дайындап берсе дейміз. Қазір өзіміз жертөле жалдап тұрып жүрміз ғой.

Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Аманат» партиясы және жергілікті мәслихат депутаттары бірлесіп, жыл басынан бері осындай кездесулер өткізіп келеді. Ондағы мақсат жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлін айқындау, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтардың мәртебесін көтеру.

Бақытжан Позилов, қалалық мәслихат депутаты:

Бұл кісілерді қолдауымыз керек. Және бұл жерде көтеріліп отырған ең үлкен мәселе оларға ерекше статус беруіміз керек деген сияқты. Олардың жұмыстарын бағалауымыз керек. Және осы арқылы еңбек нарығының тірегі болып табылатын мамандықтар ғой. Ең басты мақсат жастарды баулу.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу