«Тоқты мен серке» толықметражды анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тоқты мен серке» толықметражды анимациялық фильмнің тұсаукесері өтті

01.07.2025

Бүгін Шымкент қаласында «Қазақстан» телерадиокорпарациясының «Тоқты мен Серке» деп аталатын толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті.

Балаларға арналған туынды тоқты мен серкенің басынан өткен оқиғаларға негізделген. Барымташылардың қолына түскен жануарлар ұзақ сапар шегіп, ақыры ұрылардан қашып кетеді. Және төңірегіндегі өзге түліктерді де бостандыққа шығарады. Ұзақтығы - 1,5 сағат. Күрделі және түрлі анимациялық эффектілерімен ерекшеленеді. Фильмнің шығармашылық тобы «Balapan» арнасының көрермендері үшін «Томпақ», «Қалқанқұлақ», «Вундеркинд бала» телехикаяларын түсірген. Жаңа туындыны эфирге әзірлеу үшін бір жылдай уақыт кетті.

Батырхан Дәуренбеков, фильмнің режиссері және сценарий авторы:

Басында бұл ертегі болып шықты ғой. 2D күйінде шықты, ал қазір 3D нұсқасы. Сондықтан бұл оқиға негізгі ертегіге қабыспаған. Жаңа оқиға. Ұрлық түбі - қорлық деп аталады. Өйткені біздің әрбір туындымызда тәрбиелік мәні бар нәрсе жатады.

«Balapan» телеарнасының эфирге шыққанына биыл - 15 жыл. «Тоқты мен серке» осы мерейтойға орай прокатқа шығарылған үшінші мультфильм. Бұған дейін кішкентай көрермендерімізге «Шоқан. Қашқария сапары» және «Желаяқ» туындылары ұсынылды. «Тоқты мен Серке» мультхикаясын «Balapan» арнасы 2022 жылдан бері үздіксіз түсіріп келеді. Бүгінге дейін оның 6 маусымға лайықталған 78 сериясы әзірленіп, көрерменін тапқан танымал туындыға айналды. Жоба жаз бойы 28 қалададағы 80-ге жуық кинотеатрда көрсетіледі. Анимациялық фильм 3 шілдеден бастап кинопрокатқа шығады.

Айдын Дүйсенбайқызы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарушы директоры:

Отандық нарықтағы жалпы жобалардың 90 пайызы «Balapan» арнасы өндіріп отыр. Биыл 10 жоба түсіріледі. Оның ішінде тарихи тұлғалар бар. Ең алғашқысы - «Шоқан. Қашқария сапары» болса, биылғы жылға жоспарланған 10 анимациялық фильмнің ішінде Бейбарыс Сұлтан анимациялық фильмі бар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу