Шымкенттегі ауызсумен қамту нысандары мемлекетке қайтарылды
Ұзаққа созылған айтыс-тартыстан соң Шымкент қаласын ауызсумен қамтып отырған мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімі шықты. Мегаполистегі ауызсу жүйесін 2004 жылдан бері «Су ресурстары–Маркетинг» серіктестігі басқарып келді. Ондағы нысандардың тек 22 пайызы ғана мемлекет меншігі саналады. Қаржылық мониторинг департаменті жүргізген қаржылық талдау нәтижесінде компанияда серіктес құрылымдармен арада күмәнді қаржы операциялар жасалғаны және шығынға жол беру жәйттері анықталған. Енді меншік түрі ауысуына байланысты қалада ауызсу тарифі 30 пайызға дейін төмендемек.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49