Астанада 14-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 14-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды

02.07.2018

Мерекелік шараның ашылу салтанатында қызыл кілемнен қазақ киносының тарландары - Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаевтармен бірге әлемдік киножұлдыздар Венсан Кассель мен Эмир Кустурицалар жүріп өтті. Фестивальге ұсынылған фильмдерді кинотеатрлардан тегін көруге болады. Шара аясында кинобайқауға қатысушы елдердің кино өнімдерінен көрме ұйымдастырылған. Онда әр компанияның үздік туындылары жария етіледі. Бұл орайда «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жетістігі аз емес. Соңғы жылдары телеарнада 80 пайыз отандық кинолар көрсетіліп келеді. Соның ішінде шоқтығы биік тарихи драма «Тар заман» мен отбасылық оқиғадан өрбитін «Көзайымды» айтуға болады. Ал, бүгін аты әлемге әйгілі актер Эмир Кустурица журналистермен кездесті. Астанаға алғаш келген атақты кинорежиссер елорданы көріп таң-тамаша болғанын жасырмады.

Эмир Кустурица, кинорежиссер, актер, музыкант:

- Осында келгенім үшін өзімді бақытты санаймын. Мен өмірімде бірінші рет мүмкін емес нәрсенің мүмкін екеніне көзім жетіп отыр. 20 жыл ішінде осындай қала салу тек сіздердің президенттеріңіздің қолынан келетін секілді. Себебі, мұндай мысал әлемде жоқ. Астана маған жылылық сыйлады. Ұшып келгеннен жақсы сезімдемін.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу