Францияда қатты дауылдан 2 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда қатты дауылдан 2 адам көз жұмды

27.06.2025

Францияда қатты дауылдан екі адам көз жұмды. Екі жастағы бала мен 59 жастағы ер азамат ағаштың астында қалып, мерт болған. Тағы 16 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан құйынның кесірінен жүз мың үй жарықсыз қалды. Қатты жел ғимараттардың шатырын жұлып, толассыз жауған бұршақтан теміржол қатынасы қиындады. Ғимараттарды су басқан соң ұлттық ассамблеяның отырысы, өзге де мәдени шаралар кейінге шегерілді.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу