«Парламент сөзі» сыйлығының иегерлері марапатталды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерді өзі құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. БАҚ қызметкерлері арасындағы үздіктер жеті номинация бойынша анықталды. «Qazaqstan» телеарнасы «Қос палата» бағдарламасының жүргізушісі Ирина Советжанқызы «Парламент сөзі» сыйлығының «Арнайы репортаж» аталымы бойынша жеңімпаз атанса, «Үздік интернет және радиоматериалы үшін» номинациясын «Қазақ радиолары» ақпараттық-сараптау қызметінің редакторы Азамат Тілепов иеленді.
Ернұр Медет
