«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

22.06.2021

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттады. «Үздік телевизиялық сюжет» номинациясын Ұлттық арна тілшісі Ығылов Нысаналы иеленді. Ал, әр түрлі бақ саласы бойынша барлығы 8 адамға бағалы сыйлықтар мен мәжіліс символикасы бейнеленген естелік сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, Парламенттік сыйлық биыл бесінші рет беріліп отыр. Сондай-ақ, осы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай журналистерге жаңа сыйлық тағайындалған.

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 
Қасиетті Отанымыз - Қазақстанымыздың тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы уақытта Парламенттің заң шығару қызметі әрқашанда, тікелей ақпарат құралдарының назарында болды. Сондықтан, журналистер әрқашанда тәуелсіздікпен бірге жасап халқымыздың өмір сапасын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу