«Алтын жүрек» сыйлығының иегерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын жүрек» сыйлығының иегерлері марапатталды

28.10.2014
«Алтын жүрек» сыйлығының иегерлері марапатталды

«Бауыржан»  қайырымдылық қоры тағдыр тәлкегіне ұшыраған азаматтарға материалдық қолдау көрсетіп, қайғыны бөліскен  «алтын жүрек» иегерлерін марапаттады.

Қоғамдық кеңес мүшелері жүлдегерлерді 11 номинация бойынша анықтап, үздіктерді ортаға шығарды.

Олардың қатарында қатерлі ісікпен күресті  шетелдік әріптестерімен бірлесіп қолға алған Алматы онкологиялық орталығы, өртеніп кеткен мектепті өз қаржысына қайта қалпына келтірген «Емшан» компаниясының ұжымы, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды шетелде емдетуге қаржы бөлген Айдын Рахымбаев бар. 

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу