Маңғыстау облысында 500-ден астам интернет-сайт бұғатталды
Маңғыстауда жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 500-ден астам интернет-сайт бұғатталды.
Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы заңсыз табыс табуға қолданған 43 онлайн-чат жойылған. Оларға облыс бойынша 3 мыңға жуық адам тіркелген. Бұл туралы Ақтауда өткен форумда айтылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел алдын алу шаралары барысында қаржы пирамидаларын анықтаған. 19 қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Бердәулет Бисебаев, Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі:
«ХХІ ғасырдың сандық триггерлері» атты форумымыз қазіргі таңда Қазақстанның барлық облысында жүріп жатыр. Бұл жерде ең алдымен дропперлер мәселесі бойынша және қаржы пирамидалары бойынша. Оның ішінде Маңғыстау облысында 86 мыңнан астам азамат тартылған 36 қаржы пирамидасы жойылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00