Елімізде 2 мыңнан астам теңізші бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2 мыңнан астам теңізші бар

26.06.2025

Ақтауда халықаралық теңізшілер күніне орай, мәдени-спорттық шаралар басталды. Бүгінде елімізде 2 мыңнан астам теңізші бар. Олар Каспиймен шекаралас елдерге 300 ден астам кемемен тауар тасымалдап, халықаралық қатынасты, теңіз логистикасын дамытып жатыр. Аймақта теңізшілер Теңіз академиясында және арнайы оқыту орталықтарында білім алады. Түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналасуда. Ендігі мақсат – теңізшілердің мәртебесін көтеріп, әлемдік деңгейде жұмыс істеуге көшу. Мерекелік жиында осы саланы дамытуға үлес қосқан мамандар марапатталды. Алдағы күндері теңізшілердің қатысуымен спорттық жарыстар, Ақтау теңіз сауда порты мен Теңіз академиясында ашық есік күні және кемелер шеруі мен гала концерт өтеді.

 Құрбан Төре, кеме капитаны:

Бізде елдің дамуына, экономикасына әсер етіп жатқан азаматтық кемелер бар. Көптеген азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп жатыр, елдермен байланыстырып отырған бұл сала ерекше. Көптеген жетістік бар. Біз сол салаға мамандарды даярлау бойынша барынша қызмет етіп жатырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу