Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтарға алданғандар азаймай тұр

25.06.2025

Соңғы төрт жылда елімізде 99 қаржы пирамидасы жойылды. Солардың кесірінен 86 мың адам қаржысынан айырылды. Шығын көлемі 37 млрд теңге. Қазақстанды шулатқан соңғы оқиға Has Холдинг қаржы пирамидасы.

Ол Павлодарда штаб құрып, 5 мың отандасымызды алдаған. Қазір соның 7 ұйымдастырушысы сотталды. Бірақ былықтары әлі шығып жатыр. Бүгін Павлодарда өткен қаржылық сауаттылықты арттыру форумында осы мәселе тағы көтерілді. Сотталғандарға қатысты қосымша арыз түсіп жатыр.

Әлиасқар Қасымов, облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаменті бастығының орынбасары:

Осы пирамида бойынша 5100 келісімшарт бар. Ол кісілер барлық Қазақстанның өңірінде. Барлық облыстарда тұрады. Көп кісілер жазбайды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу