Ресейдің бірнеше өңірінде бұршақ жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің бірнеше өңірінде бұршақ жауды

25.06.2025

Ресейдің Краснодар, Красноярск облыстары мен Сочи қаласына бұршақ пен толассыз жаңбыр жауды. Мәселен, Краснодар мен Сочиде бір күнде айлық жауын-шашынның нормасы түскен. Салдарынан жүздеген үй жарықсыз қалды. Тіпті жағажайларды, дүкендерді су шайып кетті. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 40 метрге дейін жетті. Әуежайлар ұшақ қабылдамай, жол қозғалысы шектелді. Метеорологтар Ресейге Фин шығанағының циклоны келгенін айтады. Төтенше жағдай салдарымен күрес әлі жүргізілуде, ал Фин циклоны алдағы күндері Челябі, Новосібір, Томск облыстарына жетуі мүмкін.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу