Испанияның орталық аумағында нөсер жауын жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның орталық аумағында нөсер жауын жауды

04.09.2023

Испанияның орталық аумағында нөсер жауын жауды. Мадрид, Кастилия, Каталония және Валенсия сынды бірнеше өңірде көшелер өзенге айналған. Кей аудандарда жаңбыр аралас бұршақ та жауды. Өзендер арнасынан тасып, көпірлер бұзылған. Көлік жолдары, бірқатар метро желісі жабылды. Бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Оларды полиция іздестіріп жатыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу