Мыңнан аса отандасымыз елге қайта алмай отыр
Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады. Таяу Шығыс елдеріне алдын ала жоспарланған барлық сапарларын қатаң түрде қайта қарауды ұсынады. Өйткені, қазір мыңнан аса азамат елге қайта алмай отыр.
Ұлпан Саламатова, турист:
Біз 16 маусымнан бері елге жете алмай отырмыз. «Эйр Астана» компаниясынан кері байланыс жоқ. Туроператорлар әуе компаниясына сілтейді. Эйр Арабиан, Скат сияқты басқа да компаниялардың ұшағы ұшып жатыр. Балаларымыз ауырып, мазамыз кетті. Осы жердегі Қазақстан азаматтарын елге шұғыл түрде жеткізулеріңізді сұраймыз.
Ал «Эйр Астана» компаниясы жолаушыларға орындалмаған рейстердің ақысын толық қайтаруды немесе басқа уақытқа қайта брондауды ұсынып отыр.
Тілек Әбдірақымов, Air Astana АҚ қоғамдық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі:
Air Astana әуе компаниясы 2025 жылдың 25 маусымынан бастап атысты тоқтату туралы ресми хабарландыру болған жағдайда Таяу Шығысқа рейстерді жаңғыртуды жоспарлап отыр. Қақтығыс одан әрі шиеленіскен жағдайда 25 маусымдағы Таяу Шығысқа рейстер тоқтатылады. Жағдайды бағалау үшін Алматыдан Дубай мен Дохаға рейстер кешігіп ұшады деп жоспарлануда.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49