Қызылорда облысында мектеп есепшісі сотталды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында мемлекет қаржысын жымқырған мектеп есепшісіне сот үкімі шықты. Айыпталушы лауазымдық міндетін теріс пайдаланып, 36 миллион теңгені қолды қылған.
Ол екі жыл бойы қызметкерлер жалақысынан үнемделген қаражатты өз есепшотына заңсыз аударып келген. Ең сорақысы қалтасына түскен ақшаны құмар ойынға бәс тігіп, 36 миллион теңгені букмекерлік кеңсеге жұмсаған. Облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті есепшінің қылмыстық әрекетін әшкерелеп, мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Дегенмен заң алдында жазадан құтылған жоқ.
Медеу Таубай, облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары:
Сот Сейдековты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49