Алматыда 5 ауданда жаңа су желілері тартылып жатыр
Қайтарылған қаражат есебінен Алматыда сумен жабдықтау жүйесі іске қосылмақ. Су желілерін тарту үшін 9 миллиард теңге бөлінді. Осылайша қаладағы 5 аудан таза әрі тұрақты тіршілік нәрімен қамтылмақ. Мәселен дәл қазір шаһардағы ірі аудан Түрксібте жұмыс қызу. 17 шақырым аумаққа су желісі, 20 шақырым аумақта кәріз желісі тартылып жатыр. Сондай-ақ үш сорғы станциясын салу қарастырылып отыр. Жұмыс былтыр басталды, биыл қыркүйекте толықтай қолданысқа беріледі, - дейді қала әкімдігі.
Ахан Асқарбеков, қалалық қаржы басқармасы басшысының орынбасары:
Орталық желілері болмаған шағын аудандарда тұрақты әрі сапалы сумен қамтуға бағытталған. 2024 жылы басталған жобалар бар және осы жылы аяқтау жоспарланған. Аталған тоғыз жобаны жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін аяқтау мақсаты тұр. Қаржылай толық қамтамасыз етілген.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49