Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарға арналған ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Еріктілер қала көшелерін аралап, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы арнайы дайындалған брошюралар таратты. Онда қоршаған ортаны ластамау, қалдықтарды сұрыптау, тұрмыстық қоқысты дұрыс жою секілді маңызды ақпараттар жазылған. Онымен қоса өңірдің әр аумағында тазалық шаралары өтіп, еріктілер көшелерді қоқыстан тазартты.
Жандос Бақытұлы
