Алматыда «Жұлдызды жол» жобасының түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жұлдызды жол» жобасының түсірілімі басталды

23.06.2025

Музыкалық телешоуға 400-ден аса өтініш келіп түскен. Соның ішінен 16 мен 21 жас аралығындағы 48 өнерпаз іріктеліп алынды. Енді олар бағдарламада вокал, ұлттық және классикалық аспаптарда өнер көрсетеді. Таланттармен 4 тәлімгер жұмыс істейді. Әрқайсысында 16 қатысушы бар. 4 кезеңнен тұратын музыкалық бәйгеде қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалар, өнер майталмандары, сазгерлер қазылық етеді. Бұл жобаның ерекшелігі – халық музыкасы, күй, жыр сияқты ұлттық өнер түрлерін қазіргі заманмен үйлестіре отырып кеңінен насихаттау. Жоба төл өнердің табиғи үнін бұзбай, оны жаңа форматта, жастарға тартымды етіп ұсынуды мақсат етеді дейді шығармашылық топ.

Абылай Тілепбергенов, «Жұлдызды жол» жобасының музыкалық продюсері:

Домбыра мен қобыздан бөлек, көрінбейтін аспаптар – жетіген, сазсырнай, сыбызғы. Үлкен сахналарда аз көрініп жүрген аспаптар қазір мынадай үлкен аренаға шығып, танымал ететін өте жақсы мүмкіндік туып тұр. Мына жобада күймен қатар кей аспаптар әлемге танымал хиттерді де орындап қалады. Осындай халық аспаптарының мол мүмкінідігін көрсететін, қызықты репертуар жасадық.

Әміржан Расул, қатысушы:

Оңай болған жоқ әрине. Ішкі талантымызды көргеннен болар. Менің өту себебім репертуарда болар. Мен Қаршыға Ахмедияровтың «Мұнайшы Ақжелең» күйін алып келіп отырмын.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу