KazLLM тілдік моделі дайындықтан сәтті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KazLLM тілдік моделі дайындықтан сәтті өтті

23.06.2025

Қазақстанда қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде оқытылған үлкен тілдік модель – KazLLM дайындығы сәтті аяқталды.

Бұл – қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеу, талдау және генерациялауға арналған заманауи жасанды интеллект тілдік моделі. Аударма мен автоматты диалог жүргізу секілді тапсырмаларды оңай орындайды. Сондай-ақ бизнеске чат-боттар, клиенттерге қолдау көрсету жүйелері, құжат айналымын автоматтандыру мен деректерді талдау құралдарын жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық жоба ғылыми қауымдастыққа, стартаптар мен ірі корпорацияларға кеңінен қолжетімді болады. Президент бастамасына сәйкес, бұл модель түркітілдес кеңістікте табиғи тілді өңдеу технологияларын дамытуға бағытталған ауқымды жоба – TurkLLM негізіне айналады. Аталған жоба – ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын құрудағы маңызды кезең әрі Қазақстанның аймақтағы технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін растайтын бастама.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу