Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграмдағы арнасында хабарлады. «Жиынға Үкімет, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады» деп жазды ол.
Еліміз Еуразияның логистика нарығында кәдімгідей жетекші позицияға ие болып келеді. Шетелдік сарапшылардың бағалауынша, былтырғы өсім 7 пайыздан асқан: 34,6 млн тонна. Енді бір 5 жылдан кейін жерімізден өтетін жүк тасымалы 3 есеге артып, 100 млн тоннадан асуы мүмкін. Мұның бәрі бірінші кезекте Қытайдан жүк пойыздары артқанының арқасында. Жалпы жерімізден 13 халықаралық дәліз өтеді. Негізгі деген Солтүстік-Оңтүстік, ТРАСЕКА және маңызы артып бара жатқан Транскаспий дәліздерін былай қойғанда.
Жалғыз өзіміз емес, Орталық Азияның бір жұдырық болу саясаты тереңдеген сайын бір жағы 80 млн халықтың әл-ауқатын көтеру, екінші жағынан тұтас аймақтың саяси маңызын арттыру мұраты айқындалды. Орталық Азия басшылары жұмылудан басқа жол жоқ екенін мойындап ғана қойған жоқ, соған сәйкес қимылдай бастады. Ал Қазақстанның транспорт, цифрландыру, инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша жетекші рөлі «Бір жұдырық» трансформациясының кілті деуге болады.
Логистиканың дамуы арқасында экономикалық өсім алғашқы 5 айда 6 пайызды көрсетті. Демек экономиканың ендігі драйвері жүк тасымалы болса керек. Тек осы тарихи мүмкіндікті жіберіп алмасақ. Бұл қармақтан айырылып қалсақ, қайдам енді. Бір ғасыр бұрын «осы ел көгерсін, осы жер көктесін» деп қызмет қылған Алаш азаматтарын тоталитарлық жүйе турап жіберді. Қазір өз мемлекетіміз бар. Тек Тынышпаев сияқты министрлер керек...
Каспий тұйық, сондықтан теңізге шығатын жолымыз жоқ. Бұл экономика үшін тұсаудың бірі болып есептеледі. Бірақ Қытай сияқты «теңіздің» жанында отырмыз - бір, екіншіден, жеріміз арқылы жүк керуендерін жүйткіту мүмкіндігі бар. Демек, жұпыны тұруға қақымыз жоқ. Аптада ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келді. Нұрсұлтан Тілектестің материалы.
