Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100-ге жуық ерікті қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратты. Жастар «Біз таза қаланы қолдаймыз!», «#TazaQazaqstan2025 – сен де қосыл!» сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады. Тұрғындармен сұхбаттасып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.
Айнұр Ақбаева
