Түркістан облысында ирригация және дренаж жүйелері жөнделіп жатыр. Алты жыл бұрын басталған жоба бойынша Мақтаарал, Шардара, Сауран аудандарында су жүйелері дұрысталып, каналдар бетондалуда. Мердігерлер ескі арналарды қайта жөндеуден өткізіп, коллекторларды жаңғыртып жатыр. 200-ден аса тік дренажды ұңғымалар дұрысталады. Бұл бағытта 74 млрд теңгеден аса қаржы қаралып, оның 62 миллиарды игерілді. Соның арқасында 62 мың гектар жерге су жетті. Жылдар бойы ағын су тапшылығын көрген шаруалар бұл жерлерге көкөніс пен бақша дақылдарын өсіре бастады.
Әбдікерім Төлемісов, шаруа:
Канал бетондалмаған кезде су жетіспеушілігі болатын. Біз кезекпен суаратынбыз. Аяқ жағына су жетпейтін. Ал биыл мына каналды істеп бергеннен кейін су жеткілікті болып жатыр. Кезекпен істесек те, келесі ауылға су жетіп жатыр.
Айнұр Ақбаева
