Еуропаның оңтүстігінде халық туризмге қарсы шеруге шықты
Еуропаның оңтүстігінде халық туризмге қарсы шеруге шықты. Испания мен Португалияда өткен наразылык акциясына мыңдаған адам қатысқан. Испаниялықтар Барселона қаласының орталығына жиналған. Олар туризм жергілікті тұрғындардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізді деп мәлімдеді. Бұған қоса, шетелдіктер ағыны баспана бағасын шарықтатып, қоршаған ортаның нашарлауына әкеліп, жергілікті мәдениетке нұқсан келтіргенін алға тартты.
Португалия астанасы Лиссабонда демонстранттар қолдарына «туристер, үйлеріңе кетіңдер!», «Лиссабон шамадан тыс туризмге қарсы» деп жазылған баннерлер ұстап шыққан. Олар бұл мәселеге назар аударту мақсатында қала орталығындағы көрнекті орындар мен туристерге арналған дүкендер жанынан өткен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00