Мұнай бағасы өсіп, 73 доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы өсіп, 73 доллардан асты

13.06.2025

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан Brent маркалы мұнай бағасы күрт өсті. Баға 6%-ға өсіп, бір баррельдің құны 73 доллардан асты. Бұл соңғы екі айдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал әлемдік мұнайдың 20%-ға жуығы өтетін Ормуз бұғазындағы тасымалға қауіп төніп тұр. Мамандар егер қақтығыс географиясы кеңейіп, Ормуз бұғазындағы мұнай тасымалы бұзылса, қара алтын нарығында жаңа дағдарыс кезеңі басталады деп болжап отыр.

Серік Жұмабекұлы


Хабарламаларға жазылу