Маңғыстау ел бойынша қауіпсіз аймақтардың қатарына қосылды. Өйткені қылмыс саны 11 пайызға азайып, криминагендік жағдай тұрақталған.
Бүгінде қауіпті қылмыстар - адам өлтіру, алаяқтық, тонау деректері азайды. Қоғамдық көліктердегі ұрлық сиреген. Бұл туралы облыстық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
Прокурорлар жыл басынан бері есірткіге қатысты және интернет алаяқтық қылмыстарға баса назар аударған. Нәтижесінде есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталып, олардан 1 млрд-тан астам теңге мен 200 мың доллар тәркіленген. Кеңесте отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жастар арасындағы қылмысты азайту жолдары талқыланды.
Данияр Төлегенов, Маңғыстау облыстық прокуратурасының бірінші басқармасының бастығы:
Алаяқтық қылмыстарды қолға алдық. Ол бойынша түсіндіру жұмыстарын көбейттік. Осы жұмысқа мұнай мекеме орындары басшыларын бірге тартық. Соның нәтижесінде қазір алаяқтық қылмыстар 30 пайызға азайды. Жол-көлік оқиғаларымен байланысты қылмыстар да қазір азайып келе жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
