Тұрғын үйге онлайн кезекке тұру басталғалы 10 шақты күннің ішінде 200 мыңға жуық қазақстандық өтініш беріп үлгерген. Талаптарына тоқталсақ, 5 жыл атыңызда үй болмауы керек және азамат тұрғылықты жерінде 3 жыл тіркелген болуы шарт. Құжатты қалай тіркейсіз? eGov.kz порталының «жеке кабинетіне» кіріп, «тұрғын үйге кезек» бөлімін таңдаңыз. «ЖСН мен нөмірді тексеру» тетігін бассаңыз, сізді «Отбасы банкінің» сайтына бағыттайды. Сол жерде «өтінім беру» дегенді таңдап, ЭЦҚ кілтіңізді жүктеңіз. Порталға кірген соң, азамат өз санатын таңдап, кезекке тұру мүмкіндігіне ие болады. Айта кету керек, кезекке тұру – азаматқа тегін пәтер алу құқығын бермейді.
Дәрия Батенова, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директор орынбасары:
194 248 өтінім қабылданып, біздің қазақстандық азаматтар осы тұрғын үйге мұқтаж тізіміне кезекке тұрған болатын. Алматы, Астана, Шымкент қалалары көш бастап тұр. Тізімге енген, енбегендерін 1 күннен кейін біле алады. Өтінім 1 күннің ішінде қарастырылады.
Ақниет Балтанова
