Талдықорғанда республикалық композиторлар байқауы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда республикалық композиторлар байқауы мәресіне жетті

04.05.2018

Талдықорғанда «Елге арнау» атты бірінші республикалық композиторлар байқауы мәресіне жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алған шараны ұйымдастырушылар Астана қаласының 20 жылдығына орайластырды.

Өнер додасына барлығы 50-ге жуық үміткер қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 18 өнерпаз соңғы сынға жолдама алды. Қазылар алқасы да осал болмады. Елімізге танымал композиторлар мен ақындар екі номинация бойынша төрелік етті. Байқауда оркестр мен ансамбльге арналған көлемді және шағын музыкалық шығармалар ойналды және  «Ең үздік ән» номинациясы бойынша жеңімпаз анықталды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу