Ақтауда құрық порты арқылы ауыр жүк көліктері тасымалдана бастады
Маңғыстауда Құрық порты арқылы Еуропаға жүк көліктері тасымалдана бастады. Өткен айда 100 автокөлік Баку портына жеткізілген. Енді ай сайын 500 көлік тасымалдау жоспарда. Жүк айналымы – 19 млрд долларды құрамақ. Осы мақсатта қытайлық алпауыт компаниямен жаңа келісім жасалды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Құрық порты арқылы жыл басынан бері 300 мың тонна жуық автокөлік тасымалданған. Жаңа жоба аясында Каспий теңізі арқылы кететін көлік саны арта түспек. Енді ай сайын 500 ауыр жүк көлігін тасымалдау жоспарда. Бұл жобаның жүзеге асуына Ақтау халықаралық әуежайы да атсалысады. Олар Европа елдеріне жеткізіетін жүк көліктерін сақтап, тиеп, ұшақпен тасымалдауға көмектеседі. Осы мақсатта Құрық порты мен әуежай басшылығы қытайлық компаниямен келісімшарт жасады.
Чжан Цзинъюй, Қытай компаниясының басшысы:
Бүгінгі келісім арқылы тек Ақтауға ғана емес, жалпы Қазақстанға, сол арқылы Еуропаға өтетін үлкен жолды ашып жатырмыз. Бұл - тарихи сәт. Қытай биржасындағы ірі логистикалық компания ретінде жергілікті әкімдікпен, әуежай және теңіз портымен байланыс орнату мен үшін үлкен қуаныш.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Бұл келісімдер порттың әл-ауқатын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жасыл дәліз» маршрутын дамытуға мүмкіндік береді. Биыл Құрық порты арқылы 1 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Соның 300 мың тоннасы автокөлік. Жаңа жоба - Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша жүк тасымалын арттыруға айтарлықтай ықпал етпек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00