Ақмола облысында диқандар алқапқа дән сеуіп болды
Ақмола облысында диқандар алқапқа дән сеуіп болды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 5,5 миллион гектар алқапқа егілді.
Көктемгі егіс жұмыстары шамамен 20 күнге созылды. Осы көктемде майлы дақылдарға бет бұрған шаруашылықтар көп. Мәселен, зеренділік шаруа 14 мың гектар егістік алқабының 9 мыңына зығыр мен жасымық еккен.
Асқар Қортаев, шаруа:
Біз осы жылы мамырдың басында егістікті бастадық. Ерте бастағанымыз оңды болды. Майлы дақылдарды біз 2800 га маңайында ектік, лен ектік 5300 гектар.
Егіс науқанына биыл 37 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ диқандарға 76 мың тоннадан артық жанармай арзандатылған бағамен жеткізілді. Мемлекеттің қолдауының арқасында биыл көктемгі егіс жұмыстарына қаржы ерте бөлінді. Қаржы институттары арқылы 100 млрд астам сомаға 778 шаруа арзан несие алған.
Нұрбек Бадырақов, облыстық а/ш басқармасының басшысы:
Біз биыл 336 мың тонна тыңайтқыштарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда Ақмола облысында 145 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар енгізілді. Қалған көлемін алдағы уақытта күзге дейін осы тыңайтқыштарды беру жоспарланып отыр.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49