Композитор Роберто Молинеллидің симфониялық шоуы жоғары деңгейде өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Композитор Роберто Молинеллидің симфониялық шоуы жоғары деңгейде өтті

02.06.2025

Астанада Италияның атақты композиторы, дирижёр Роберто Молинелли екі күн қатарынан қала тұрғындары мен қонақтары үшін симфониялық шоу өткізді. Бірінші күні көрермендер Италияда жылдар бойы нағыз хитке айналған туындыларды тыңдаса, екінші күні әлемдік рок әндер орындалды.

Солистер – Италия мен Швециядан келген атақты өнерпаздар. Мәселен, Италия даусына айналған Фабио Курто, әлемдік «Юрмала», «Евровидение» байқауларының жүлдегері Антонелло Кароцца, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Кларисса Вики сынды әртістердің өнерін көрермендер жоғары бағалады. Әндерді маэстро Роберто Молинеллидің сүйемелдеуімен «Астана Балет» оркестрі орындап шықты.

Роберто Молинелли, композитор, дирижёр:

Қазақстанда бірінші рет емеспін, бұған дейін де талай әріптестік орнаттық. Ал биыл «Астана Балет» оркестрімен бірге жұмыс істедім — жалындаған жастар екен. Құлшыныстары, музыкаға деген махаббаттары ұнады.

Концертте көпшіліктің аузында жүрген, елге танымал әндерді орындадық. Оның ішінде эстрадалық әндер де, рок әндер де бар. Ерекшелігі сол — симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бүгінгі кеште кей әндерді автордың өзі жазған түпнұсқа негізінде халыққа ұсындық.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу