Зерендіде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
200-ден астам зеренділік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, Көкшетау-Атбасар тас жолындағы саяжай алабын қоқыстан тазартты.
Бұл саяжай - курортты Зеренді ауылындағы жергілікті тұрғындардың таза ауамен тыныстап, тынығатын, жеміс-жидек теретін орны. Сондықтан бұл жердің тазалығын қалпына келтіруге зеренділіктер бір адамдай жұмыла қатысты. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері аудан бойынша 19 саябақ пен алаң абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар алты мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Қайрат Ауғалиев, Зеренді ауылының тұрғыны:
Апта сайын әріптестерімізбен шығамыз. Бұл жерде мұғалімдер, ұжымдар, мемлекеттік қызметкерлер бар. Зерендіні тазалықта ұстау бәріміздің міндетіміз. Өйткені, жаз айында Зерендіге қонақтар, туристер келеді. Сондықтан, былтыр көлдің маңайын жинағанбыз. Биыл локациямызды ауыстырып, осы жаққа шықтық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO-2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі қандай?
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00