Басты Жаңалықтар Алаяқтар балалар арқылы банк деректерін иемденуде

Алаяқтар балалар арқылы банк деректерін иемденуде

Алаяқтар балалар ойыны арқылы ересектердің банк картасы туралы мәлімет жинауға кіріскен. Ұлттық банктің мәліметінше, соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық оқиғалары жиілеген. Қаскөйлер өздерін ойын әкімшісі немесе компания өкілі ретінде таныстырып, балаларға сыйақы береміз деген желеумен ата-анасының немесе үйдегі ересектердің банк деректерін сұратады. Осыған байланысты Ұлттық банк ата-аналарға балаларымен ашық сөйлесіп, жеке ақпаратты бөтен адамдарға беруге болмайтынын түсіндіруді және мобильді құрылғыларға ата-ана бақылауын орнатуды ұсынады.

Динара Жарқынбек


 

Бөлісу