Кипр үкіметі отанына оралған мигранттарға сыйақы бермек
Кипр үкіметі өз еркімен Отанына оралған сириялық мигранттарға ақшалай сыйақы береді. Бұл туралы елдің көші-қон жөніндегі министрінің орынбасары мәлімдеді. Кипрден Сирияға қайтуға келіскен ересектерге 2 мың еуро, әр балаға мың еуродан бір реттік демеуқаржы тағайындалмақ. Сондай-ақ әр отбасының бір асыраушысына аралда қалып, 3 жыл еңбек етуге рұқсат беріледі. Биліктегілер, қаржылай көмектің арқасында сириялықтар еліне оралып, экономикасын көтеруге үлес қосады деген сенімде. Былтыр Кипр үкіметінен 4 мыңнан аса Сирия азаматы бассауға сұраған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда он есе көп.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49