Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушылар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Балаларға көлік құжатын, жүргізуші куәлігін алу, мемлекеттік нөмірді беру тәртібі түсіндірілді. Цифрлық сервистермен жұмыс істегенде ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі де айтылды. Орталықта 43 адам еңбек етеді. Экскурссиядан кейін балалар «темір тұлпар» тізгіндеп үйренді. Тәртіп сақшылары жол белгілерін практикалық түрде көрсетіп, жол ережесін сақтаудың маңызына тоқталды. Мопед жүргізудің талабы да түсіндірілді.
Әділет Ермеков, оқушы:
Біз «АвтоЦОН-ға» бардық. Іші күшті, жақсы екен. Маған ұнады. Онда жүргізуші куәлігін береді екен. Көлік жүргізуді үйрендік. Бізге жол ережесін үйретті.
Руслан Мұхамбетәлиев, «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы:
Биометриялық тексеруден өту - бәрі оларға қызықты. Қазір цифрлық технологияның дамыған уақыты. Балаларға верификациядан қалай өтуді таныстырып, жол ережесін көрсетіп, оларды өмірге дайындап жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы
