Ақмола облысында жарысқа келген балалар астан уланды
Ақмола облысының Щучинск қаласына халықаралық турнирге келген балалар астан уланып, ауруханаға түсті. Футбол жарысына Астана, Павлодар, Қостанай қалалары және Өзбекстан мен Тәжікстаннан барлығы 210 бала қатысқан. Соның 18-інде бактериалды ішек инфекциясы анықталды. Олардың төртеуі кеше түнде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір жағдайлары жақсарып, үшеуі үйіне жіберілді. Ал алматылық жасөспірім ауруханада ата-анасын күтеді, дейді дәрігерлер. Курортты аймақта өткен жарысты ұйымдастырған спорт мектебі жергілікті атқарушы органды ескертпеген. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қанат Ысқақов, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қазірде жарысқа келген барлық балалар медициналық тексерістен өтіп жатыр. Мектепке арнайы медициналық қызметкер жіберілді. 168 бала тексерілді, қалған 42-сі үйіне кетті. Тексеріс нәтижесі әлі толық аяқталған жоқ, сондықтан берілген мәліметтер өзгеруі мүмкін.
Бибінұр Әмірханқызы
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49