«Париж, мен сені сүйемін» деп аталатын байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам балғын қатысты. Дүбірлі додада жерлесіміз Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ жайық» әнін орындап, жүзден жүйрік шықты. 1-орынды қанжығасына байлаған жас өнерпаз - Алматы облысы, Ақсу ауданының тумасы. Бұған дейін отандық және халықаралық ән бәсекелерінде топ жарған Дидар болашақта елінің намысын қорғайтын мықты әнші болуды армандайды.
Дидар Мұқатай, өнерпаз:
- Байқауда қарсыластарым мықты болды. Соның ішінен суырылып шықтым. Парижде осындай концертке шығып, өзімді танытқаныма өте қуаныштымын.
Нұрсұлу ҚАСЫМ